Синоптиктер 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етіп, ауа райы тұрақсыз сипатта болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстікте жаңбыр түрінде жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ, секундына 15-25 метр екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
"23 желтоқсанға қарай Қара теңіз аудандарынан келетін антициклон ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді: батыста түнде 8...23 градусқа дейін аяз, күндіз 5...15 градусқа дейін аяз, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5 ...15 градусқа дейін аяз, күндіз 0...8 градусқа дейін аз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 5 градусқа дейін аяз, 5 градусқа дейін жылы, күндіз 0...10 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.