24 қар, 2021 сағат 11:46

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы


«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ел аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыс өз құқығын жиі көрсетіп отыр. Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасатын болады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды. Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер хабарламасында.