18 ақп, 2022 сағат 13:10

Алдағы демалыста күн жылынады - синоптиктер


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сүйенсек, алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оның артынан республиканың батысына қарай солтүстік-батыс циклон ығысады, оның әсерінен: 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батыста, 21 ақпанда елдің солтүстігінде қар, екпінді жел және көктайғақ болады.

"Еліміздің бүкіл аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтіледі. Термометр бағандары: батыста түнде -5...+5 градусқа дейін, күндіз +2...+13 градусқа дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 градусқа дейін, күндіз -8...+ 2 градусқа дейін, орталықта, шығыста түнде -8...-17 градус, күндіз -1...-10 градус, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5, күндіз + 5...+13 градусқа дейін", - делінген хабарламада.