Синоптиктер 19-21 қаңтардағы ауа райына арналған болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Демалыс күндері еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, оңтүстікте жаңбыр, арты қарға ұласады деп болжанып отыр.
«Орталық Азия аймағынан Қазақстанға оңтүстік циклоны жылжиды, ол жылу алып келеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, батыстан қатты жел соғады. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде жауын-шашын болады, жаңбырдың аяғы қарға ұласады, таулы аймақтарда қалың қар түседі, тұман және көктайғақ күтіледі», - делінген хабарламада.
Дүйсенбіде суық ағындардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, бірақ ол әлі де климаттық нормадан жоғары болмақ.