Әлемдік энергетика агенттігі күн энергиясы ғалымдар болжағаннан да жылдам дамитынын айтты, деп жазады The Guardian.
«Әлем бойынша жаңартылатын электр энергиясы ғалымдар күткеннен жылдам дамиды, сонымен қатар алдағы бес жылда 50%-ға артады. Халықаралық энергетика агенттігі күн, жел және гидроэнергетика саласының жобалары соңғы төрт жылда дамып жатқанын хабарлады», деп жазады басылым.
Мамандардың айтуынша, 2024 жылы арзан күн энергиясының қуаты әлем бойынша 600 ГВт-қа жетеді. Ал алдағы бес жылда бұл 1200 ГВт болады.
«Ғалымдардың айтуынша, жаңартылатын энергия көздері әлем бойынша мұнай мен көмір сұранысын кемітеді. Қазіргі таңда әлемдегі электр энергиясының 26% жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі», деп жазады автор.
Халықаралық энергетика агенттігінің хабарлауынша, жаңартылатын энергия көздерінде күн энергиясы басым болады.