Қазгидромет 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны анықтайтын болады, онымен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады, Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюімен бірге жаяу бұрқасын болжанады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.