Telegram мессенджерінде шығыс нөмірлерді ауыстырып, дауысты өзгертуге мүмкіндік беретін бот пайда болған. Бұл туралы журналистерге «СерчИнформ» ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Алексей Дрозд мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Telegram-да телефон нөмірін ауыстырып шалуға мүмкіндік беретін бот пайда болды. Ботқа нөмірді ауыстырып телефон шалу командасын жіберіп, одан кейін телефон шалынуы керек нөмір және қоңырау шалынғанда көрінетін нөмір енгізіледі», - деді ол.
Телефон шалу үшін пайдаланушыға Telegram-нан шығу міндетті емес екені айтылады. Сарапшы нөмірді ауыстырып қоңырау шалудың басқа қызметтеріне кіру соншалықты оңай емес екенін түсіндірді. Әдетте олай қоңырау шалу үшін арнайы бағдарлама орнатылады, виртуалды автоматтандырылған телефон стансасы ашылады, олар өзара біріктіріліп, SIP-телефония қызметіне қосылады», - деп баяндады сарапшы.
«Бұл Telegram-бот ақылы, алаяқ онда өзінің телефон нөмірін қалдыруы тиіс, сондықтан сервис үшін жасалатын төлемнің қаскүнемдер үшін жасырынуға қаншалықты мүмкіндік береді деген сұрақ туындайды. Бұл боттың, мысалы, қандай да бір банктің телефон алаяқтарын ұстау үшін құрған сервис екеніне сенгіміз келеді», - деп қосты ол.