02 ақп, 2022 сағат 12:05

Аладғы күндері ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

5 ақпанда еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынды болып, жел соғады. Сондай-ақ, көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен қатар, республика бойынша тұман түседі деп болжануда. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең 20-30 градусқа дейін аяз сақталады.

Дегенмен, синоптиктердің дерегінше, Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.