07 мау, 2021 сағат 16:43

Ақылы олимпиадаға оқушылардың қатысуын мектеп мәжбүрлей алмайды - министрлік


Ақылы білім беру олимпиадаларына оқушылардың қатысуын мектеп әкімшілігі мәжбүрлей алмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, олимпиадаларға қатысу – ол ерікті таңдау. Әрбір ата-ана баласының ақылы жарыстарға қатысуын немесе қатыспауын өзі анықтауы тиіс. Бұл ретте педагогтардың, мектеп әкімшілігінің, әдістемелік қызметтердің осыларды ұйымдастыруға немесе оларға қатысуға мәжбүрлеуге ешбір құқығым жоқ. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі тағы бір ескерту айтады, егер мәжбүрлеу фактілері тіркелсе, министрліктің өңірлік департаменттері сапаны қамтамасыз ету қызметтерін атқарады. Сондықтан оларға осы мәселелер бойынша жүгінуге болады», - деді Ш. Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Ақылы олимпиадаға оқушылардың қатысуын мектеп мәжбүрлей алмайды - министрлікАйта кетейік, Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын олимпиадалар оқушылар үшін ақысыз негізде болады. 

Сонымен қатар қазіргі кезде қазақстандық білім беру нарығында жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар да осы қызметтерді ақылы ұсынып келеді. 

«Бірақ Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтемін. Сондықтан балалар мен мұғалімдер, мектептер әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға оқушылардың қатысуын таңдаған кезде мұқият болуына кеңес береміз», - деді Шолпан Каринова.