12 ақп, 2021 сағат 12:02

Ақтөбелік шаңғышы Еуропа құрлықтық кубогін жеңіп алды

Ақтөбелік шаңғышы Ернұр Бексұлтан Шығыс Еуропа құрлықтық кубогін жеңіп алды. Бұл ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік көрсеткіші, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шығыс Еуропа құрлықтық кубогі Алматы қаласында өтіп жатыр. Оған еліміздің әр түкпірі мен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан елдерінен 100-ден астам спортшы қатысты.

«Бұл - біздің ең үлкен жеңісіміз. Шаңғышы Ернұр Бексұлтан 15 шақырым қашықтықты бағындырды. Қатарынан оза шыққан спортшы 8 жыл бойы жаттығып келеді. Жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына да қатысты. Алдағы уақытта Қазақстан жастары арасында өтетін чемпионатында бақ сынайды», - деді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Мұқан.

Айта кетейік, ересектер арасында өтіп жатқан Шығыс Еуропа құрлықтық кубогіне Ақтөбеден тек үш спортшы қатысып жатыр. Шаңғышы Ернұр Бексұлтан ертең 20 шақырымдық еркін жүрісте бақ сынайды.