Парламент мәжілісінің экс-депутаты, ақтөбелік кәсіпкер Латвия астанасы Рига орталығынан ұлттық кітапхананың ғимаратын сатып алды, - деп хабарлайды diapazon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Балтық елдері бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Латвия ұлттық кітапханасының ғимараты Рига қаласының орталық көшелерінде орналасқан.
Кәсіпкер ұлттық кітапхана ғимаратын Қазақстан азаматына жанама түрде тиесілі «Bibliotеkas» ЖШС аукционында сатып алған. «Bibliotеkas nams» 2016 жылдың қазан айында тіркелген, оның негізгі капиталы 2800 еуроны құрайды.
Риға ұлттық кітапхана ғимаратын кәсіпкер серіктесімен бірге 1,946 млн еуроға сатып алған.
Бұған дейін бұл ғимарат бірнеше рет аукционға қойылған. Алғаш рет 2015 жылдың 24 қыркүйегінде сатылымға шығарылып, құны 3,87 млн евроны құраған. Дегенмен кейінірек алғашқы құны жоғала бастаған.
Екінші рет сатып алушылар 200 мың еуроға сұраған.