Ақтөбеге жақын жердегі Самара-Шымкент трассасында жүк көлігі өртенді. Аталған көлік Мәскеуге қарай бағыт алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«28 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 09:52 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 776 километрінде, ал Ақтөбе қаласынан 23 км қашықтықта «DAF» маркалы көліктің тіркемесі (прицеп) өртенді. Жүк көлігі Алматы-Мәскеу бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Өртті сөндіруге екі техника және жеті адам жұмылдырылды. Өрт 10:40-тан бастап 11:00-ге дейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген «ҚазАқпарат» сайты жариялаған хабарламада.