27 шіл, 2021 сағат 15:38

«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады


«Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында аптасына 32 рейс орындалады. 

Кездесуде екі ел арасындағы транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.