11 қаз, 2023 сағат 13:36

Ақтауда есірткі сатты деген күдікпен төрт адам ұсталды

Фото: gov.kz

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.

Тінту барысында 100 келіден аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді", - делінген хабарламада.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.