13-14 наурыз күндері Ақтау қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге 8 елден 200-ден астам татами шебері қатысатыны жоспарланған.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингілік ұпайлар беріледі:
1 орын – 100 ұпай
2 орын – 70 ұпай
3 орын – 50 ұпай
Екі күнге созылатын жарыс кестесі:
13 наурыз
Ерлер: 60 кг, 66 кг, 73 кг
Әйелдер: 48 кг, 52 кг, 57 кг, 63 кг
14 наурыз
Ерлер: 81 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг
Әйелдер: 70 кг, 78 кг, +78 кг