05 қыр, 2019 сағат 13:49

АҚШ жылына 36 миллион түп ағаштан айырылуда

Жуырда жүргізілген зерттеу бойынша, ағаштар жазда күндізгі температураны Фаренгейт бойынша 10 градусқа түсіре алатын қабілетке ие. АҚШ-та ағаштар саны азайып, ол қоршаған ортаға зиянын тигізуде, деп хабарлайды CNN.

АҚШ Орман шаруашылығы қызметінің хабарлауынша, 1 жылда 36 миллион түп ағаш жойылған. Бес жыл қатарынан осы құбылыс орын алуда дейді олар.

«Егер біз дәл осы қарқынмен ағаштарымыздан, ормандарымыздан айырыла беретін болсақ, қалалар жылып, ластанып, тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізе береді» дейді АҚШ Орман шаруашылығы қызметінің ғылыми қызметкері, зерттеуші Дэвид Новак. Оның айтуынша, ормандарды жоятын – торнадо, дауыл, өрт, дерт және зиянкестер.

АҚШ тұрғындарының 80 пайызы қалалық аймақтарда өмір сүреді. Олардың сондай-ақ басым көпшілігі орманға жақын жерлерде екінші үйлерінде демалады.

Новактың айтуынша, ағаштар үй, ғимарат құрылысына көп пайдаланылуда. Әрине, ол ғимаратты күн сәулесі түскенде қызып кетуден сақтайды, құрылысқа пайдалы материал. Алайда, жылдық шығынды есептегенде, 96 миллионды құраған.

Сондай-ақ зерттеуші Дэвид Новак ағаштар электроэнергия шығынын азайтатын қасиетке ие екенін айтты. Жылына 4 миллиард долларды үнемдейтінін дәлелдеді. «...Яғни, ғимараттардың айналасына егілген ағаштар кондиционердің қызметін атқарады» дейді ол. Автордың айтуынша, ағаштар ультрафиолет сәулесінің 96 пайызын жұтып қойып, адамдардың денінің сау болуына жағдай жасайды.

Зерттеуші жасыл ормандар мен ағаштардың дәл осындай пайдалы қасиеттерін айтып, тұрғындарды табиғат анаға қамқорлықпен қарауға шақырады.