Шайрат әуе базасына жасалған соққыдан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны жайлы Хомс аймағының губернаторы Талал Баррази жергілікті Маядин арнасына мәлімдеді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
"Алдын ала мәлімет бойынша, соққы салдарынан бес адам қаза болып, жеті адам жарақат алды", - дейді губернатор. Соққыдан кейін өрт басталған, бірақ зардап шеккендер туралы әлі нақты мәлімет жоқ.
Америкалық тараптың мәліметі бойынша, әуе базасында ресейлік әскерилер де болуы мүмкін. Бұл АҚШ-тың Сирия әуе базасына жасалған ең ірі соққысы.
Сирия опозициясы сейсенбіде химиялық қарумен жасалған шабуылдан салдарынан Хан-Шейхун қаласында 80 адамның қаза тауып, 200 адамның жараланғанын мәлімдеген еді. Оппозиция бұл жағдайға қатысты үкімет әскерін айыптап отыр. Ал сириялық әскер басшылығы мұны жоққа шығарып, бұл шабуылды содырлар жасағанын мәлімдеген.
Ал РФ президенті Валдимир Путин АҚШ-тың Сирияға жасаған соққылары Ресей мен Америка қарым-қатынасына зиянын тигізіп, терроризммен қарсы күрестің халықаралық коалициясын құруға бөгет деп есептейді.