АҚШ-тың Огайо штатында тұратын әйел коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ойнатылған лотереяның жеңімпазы атанды. Ол бір миллион АҚШ долларын ұтты, деп хабарлайды Business Insider.
Порталдың мәліметінше, Цинциннати қаласына жақын орналасқан Сильвертонда тұратын Эбигейл Бугенске лотереяның алғашқы жеңімпазы атанса, мектеп оқушысы, Энглвуд тұрғыны Джозф Костелло болашақ оқуының толық төлемін ұтып алған. Жеңімпаздың екеуі де кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталғанын атап өту керек. Лотереяға 2,7 миллионнан астам адам қатысқан.
Лотерея ережесі бойынша, ең болмағанда бір екпе алған адамдар қатысушылар тізіміне автоматты түрде кіреді. Екпе алғандар арасында миллион доллар апта сайын 23 маусымға дейін ойнатылады. Жалпы алғанда, он адам жүлде алады: бес ересек және бес жасөспірім.