#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

АҚШ-тағы сұрапыл дауыл: 2,7 миллионнан астам адам жарықсыз қалды

  • 05.08.2020
  • 0
  • 137

«Исаиас» тропикалық дауылы АҚШ-тың шығыс жағалауында 2,7 млн астам адамды электр жарығынсыз қалдырды. Бұл туралы CNN телекомпаниясы хабарлады.

Дауыл 8 штатты жайпап өткен. Ең көп зардап шеккен Нью-Джерси штатының тұрғындары, онда 1,3 млн астам үй жарықсыз қалды. Солтүстік Каролинада 303 мыңнан астам, Вирджинияда – 347 мыңнан астам, Мэрилендте – 43,8 мыңнан астам адам осындай жағдайды басынан кешіп отыр. 

Бұдан басқа, қаза тапқан 4 адам туралы хабарланды. 

«Исаиас» дауылы Американың Солтүстік Каролина штатының жағалауында 3 тамызда, кешқұрым басталған еді. Қазіргі кезде ол біршама әлсіреді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар