АҚШ-тың оңтүстігіндегі қарлы боран салдарынан 21 адам мерт болды, миллиондаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ВВС.
Бәрінен Техас штаты қатты зардап шекті, ондағы энергожүйе тұтыну көлемінің бірден өскенін көтере алмайды.
АҚШ-тың оңтүстік аймағы үшін ерекше болған ауа райы салдарынан Техас, Луизиана, Кентукки, Солтүстік Каролина және Миссури штаттарының біршама тұрғындары қаза тапты.
АҚШ-тың оңтүстік өңірлеріндегі рекордтық суық температура әлі бірнеше күн жалғасады деген болжам бар. Қазір Америка аумағының 71%-дан астамын қар басып жатыр.