Сингапур билігі балалар үшін қауіп туғызатын коронавирустың «сингапурлық нұсқасының» пайда болғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналы хабарлады.
«Вирустың сингапурлық нұсқасы жоқ. Соңғы апталарда анықталған вирус үндістандық штамға сәйкес келеді - B. 1.617.2», - деді Сингапур Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Аргентинада өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 35 543 жаңа жағдайы анықталды. Бұл пандемия басталғаннан бері елде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жұқтырғандардың жалпы саны 3 371 508-ге жетті. Соңғы 24 сағатта 745 науқас коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды, бұл алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда көрсеткіштің бірнеше есеге жоғарылағанын көрсетеді.
Бүгінгі таңда АҚШ халқының 47,5% SARS-CoV-2 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметтері бойынша, өткен аптада елде 12-15 жас аралығындағы 600 мыңға жуық жасөспірім КВИ-ге қарсы екпе салдырды. Осы жастағы адамдар тобына Biontech/Pfizer вакцинасын қолдану реттеуші органдардың рұқсатынан кейін жүзеге асырылып отыр. Жалпы алғанда, 17 жасқа дейінгі 4 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді.
«Вакцинация аурудың, ауруханаға жатқызудың және өлімнің күрт төмендеуіне әкелді. Пандемия басталғаннан бері алғаш рет барлық 50 штатта коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларының саны азайды», - деді Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі кеңесшісі Энди Славитт.
Канада билігі Сovid-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерді тек канадалықтардың 75% кем дегенде коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын салдырғаннан кейін жеңілдетілетіндігі туралы мәлімдеді. Қазірдің өзінде 17,3 миллион адам екпе жасады, бұл 12 жастан асқан халықтың 55%-н құрайды.