28 мам, 2021 сағат 13:48

АҚШ-та вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылуда


АҚШ тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны үшін ақша ұсынылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Калифорнияда Сovid-19 қарсы вакцина салдырғандар арасында 116,5 миллион доллардың ұтысқа қойылатындығы жарияланды. Ұтыс ережелеріне сәйкес, 10 адам 1,5 миллион доллар иелене алса, екпе алған тағы 30 жеңімпаз 50 мың долларды ала алады. 

Ұтыс ойынына тек жасы 12-ден асқан Калифорния тұрғындары қатыса алады. Бұған дейін Огайо билігі вакцина алғандар арасында 1 миллион доллардың ұтысқа қойылатындығын жариялады. 

Штат губернаторы жеңімпаздың бес апта бойы әр сәрсенбіде анықталатындығын, сол күні әр жеңімпаз 1 миллион доллар алатындығын мәлімдеді.