Фото: NBC видео скрин
АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жергілікті басылымдар мен биліктің мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Тікұшақтар мен қайықтар жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
NBC-дің ақпаратына сенсек, Вашингтондағы Потомак өзеніне құлаған ұшақ бортында 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.
Басылым, АҚШ президенті Дональд Трамп қайғылы жағдай туралы хабардар екенін жазды.
NBC-дің мәліметінше, ұшақ құлаған өзендегі судың температурасы өте салқын. Көрсеткіш шамамен 35 градус Фаренгейт, бұл - 2 градус Цельсий шамасында.
"Мұндай температурада адам 15-30 минуттан кейін есінен танып қалады", - деп жазды NBC.