27 там, 2022 сағат 09:18

АҚШ-та лотереядан 1,34 миллиард доллар ұтқан жеңімпаз жүлдесін алмады


АҚШ-та 1,33 миллиард долларлық джекпот ұтып алған Mega Millions лотереясының жеңімпазы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, ұтыс билеті Чикаго маңындағы жанармай құю бекетінде сатылған. Ұйымдастырушылар жеңімпаздың аты-жөнін білмейтіндіктен, жұртшылықтан билеттерін қайталап тексеруді сұрады.

"Біз бұл адамның джекпот ұтып алғанын білетін-білмейтінін білмейміз", - деді Гарольд Мэйс, Иллинойс лотерея департаментінің директоры.

Жеңімпаз ұтысын ойын өткізілген күннен бастап 12 ай ішінде алып кете алатыны атап өтілген. Ол салықты ұстап қалғада, 708,5 миллион доллар қолына алады.