20 шіл, 2022 сағат 14:35

АҚШ-та коронавирусқа қарсы Novavax вакцинасын қолдану ұсынылды


Ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының вакцина бойынша сыртқы кеңесшілер тобы коронавирусқа қарсы Novavax вакцинасын қолдануға бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News-ке сілтеме жасап.

Орталық директоры, доктор Рошель Валенский АҚШ тұрғындарының COVID-19 вирусына қарсы басқа қауіпсіз және тиімді вакцинаға қол жеткізу мүмкіндігі көбейгенін мәлімдеді. Novavax компаниясы өз вакцинасының бірінші партиясы сапалы сынақтан өткенін және алдағы күндері таратылу үшін АҚШ үкіметіне жіберілетінін айтты. Novavax – ақуыз негізіндегі технология арқылы шығарылған вакцина. Ол иммундық жүйеге жәндіктер жасушаларында өсірілген, оның ағзадағы тиімділігін арттыратын ағаш қабығынан алынған адъювант деген ингредиентпен араласқан вирустың бір бөлігін береді. 

Novavax өз вакцинасының Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарымен салыстырғанда жанама әсері аз деп санайды. Мысалы, сынақ жүргізу кезінде дене температурасы көтерілген жағдайлар өте сирек болды. 

Омикрон нұсқасын қолданар алдында жүргізілген клиникалық зерттеулерде Novavax-тың кез келген симптоматикалық коронавирустық инфекциялардың алдын алуда 90,4% тиімді болғаны және аурудың орташа, ауыр жағдайында 100% тиімділікке қол жеткізгені анықталған.