Фото: Selahattin Sevi, File
Түркияның беделді діни уағызшысы Пенсильваниядағы ауруханада 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Еuronews.com.
Ол Түркияда 2016 жылғы әскери төңкерісті ұйымдастырды деп айыпталған болатын.
Анкараның пікірінше, 2016 жылы сәтсіз аяқталған төңкерістің ұйымдастырушысы, түрік қоғам қайраткері және діни көшбасшы Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды. Ол 1990 жылдардың соңынан бері сол жерде тұрып жатқан еді.
Бұрынғы исламдық уағызшы 83 жасында Пенсильванияда қайтыс болды, бұл туралы Гүленнің «Хизмет» қозғалысына байланысты әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жарияланды.
Оның жақтастарының Herkul.org порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Гүлен ауруханада қайтыс болды, өлім 20 қазанда 21:20-да тіркелген. Оның дәрігерлері жақын арада ресми мәлімдеме жасайды деп хабарланған.
Кейін бұл қайғылы хабарды Түркияның негізгі бұқаралық ақпарат құралдары да жеткізді.