23 жел, 2021 сағат 16:13

АҚШ-та COVID-19-ға қарсы препарат мақұлданды


Америка Құрама Штаттарында сәрсенбі күні Pfizer Inc компаниясының COVID-19-ға қарсы препараты (PFE.N) мақұлданды. Ол қатты ауыру қаупі бар 12 жастан асқан адамдарға арналған. Оны үй жағдайында ем қабылдау кезінде қолдануға болады. Бұл, сонымен қатар, тез таралып жатқан «омикрон» штамына қарсы жаңа құрал ретінде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Pfizer компаниясының клиникалық зерттеуінің деректеріне сай, Paxlovid антивирустық препараты 90% тиімділігін көрсеткен. Соңғы зертханалық деректер бойынша, препарат «омикрон» штамымен күресуге де жарамды.

«Препараттың мақұлдануы – маңызды қадам, ол COVID-19 инфекциясын басқаруға көмектеседі», деді Джонс Хопкинс Денсаулық сақтау институтының аға ғылыми қызметкері Амеш Адаля.

«Алайда бұл орайда екі мәселе туындайды: алдағы апталарда препарат аз болады, оны тиімді қолдану тез диагностиканы талап етеді, ал бұл коронавирусқа тест тапсырудағы тұрақты проблемалардың салдарынан қиынға соғады».

Pfizer компаниясының хабарлауынша, 180 000 ем курсына арналған препарат осы жылы жіберуге дайын тұр. Компания мен АҚШ үкіметі отырған келісім-шарт бойынша, әр курс 530 долларға бағаланып отыр. Үкімет 10 миллион ем курсына арналған препарат сұратқан.

Препарат тек рецептпен беріледі. Дәріні қабылдау коронавирус симптомдары байқалған кезден бастап бес күні бойы әр 12 сағат сайын қабылдап отыру керек.