АҚШ-тың Уотертаун қаласында болған атыс салдарынан екі адам қаза тапты, деп мәлімдеді Нью-Йорк полициясы. 55 жастағы жылжымайтын мүлік агенті Барри Стюарт екі адамның өліміне айыпталуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" New York Daily News-ке сілтеме жасап.
Штат полициясы және Уотертаун қаласының полиция департаменті атыс салдарынан қаза тапқан екі адамның кім екенін анықтады. Олар 50 жастағы Нью-Йорк штаты Джефферсон округы Уэсли аралы тұрғыны Максин Куигг және Нью-Йорк, Блэк-Ривер тұрғыны Теренс О’Брайен болып шықты. Оның отбасы және екі баласы болған. Екі құрбан да атыс болған Bridgeview жылжымайтын мүлік агенттігінде жұмыс істеген, деді агенттік.
Нью-Йорк штаты полициясы күдікті Барии Стюарттың өз-өзіне оқ ату нәтижесінде көз жұмғанын айтты.