#
#
Бейсенбі 13/08/2020

АҚШ шетел студенттерін депортациялауы мүмкін

  • 08.07.2020
  • 0
  • 180

АҚШ-та білім алып жатқан шетел студенттері күзгі семестрде оқу онлайн түрде жүргізілетін болса өз еркімен елден кетуге мәжбүр болады. Бұл туралы елдің Шекара және иммиграция мәселелері бойынша агенттігі хабарлап, тәртіпке бағынбағандарды депортациялайтын айтып қорқытты, деп хабарлайды bbc.com.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 2,9 млн-ға жетті. Бірнеше беделді университет қауіпсіздік мақсатында күзгі маусымда ғана емес, келесі жылы толығымен онлайн форматта білім беретінін мәлімдеді.

Әйтпесе – депортация

Өзгерістер АҚШ-та F-1 және M-1 визасымен жүргендердің барлығына қатысты. Визаның бірінші түрі елде білім алу үшін халықаралық студенттерге беріледі, екіншісі – кәсіби курстарға, мысалы біліктілігін арттыруға арналған.

Шекара және иммиграциялық мәселелер бойынша агенттіктің хабарлауынша, егер университет күзгі семестрде толығымен онлайн оқуға көшсе, елде қалғысы келген студенттер қандай да бір қадамға бару керек.

Мәселен, сол семестрде онлайн жүйеге көшпеген басқа ЖОО-на ауысуына болады. Мұндай талаптарды орындамағандарды депортациялануы мүмкін.

Гарвардтың жауабы

Әлемдегі ең танымал университеттердің бірі – Гарвард, күз маусымында оқу онлайн форматта болатынын мәлімдеген.

Университет президенті Ларри Бакоу америка билігінің шешімін орынсыз деп бағалады.

«Бұл шешім көп университеттің үмітін үзді. Олар жаһандық пандемия кезінде студенттер денсаулығын сақтай отырып оқуын жалғастыру үшін барлық жағдайды жасаған еді», – деді Бакоу.

Ол Гарвард басқа университеттермен бірлесіп бұл мәселені шешуге, студенттер депортациядан қорықпай оқуын жалғастыра беруі үшін бар күшін салуға уәде етті.

Бұл алаяқтық емес

АҚШ-тың көші-қон саясаты қатал: ел бұрын да онлайн білім алғысы келгендерге виза бермей қойған еді.

«Қазір әңгіме ұятсыз университтер немесе алаяқтық туралы болып тұрған жоқ. Біз басқа кездері арнайы бағдарламалармен студенттерін оқытатын ірі университеттер туралы айтып отырмыз», - деді вашингтондық Қоспартиялық саясат сараптама орталығының миграциялық саясат сарапшысы Тереза Кардинал Браун.

Би-би-си пікірлескен студенттер ЖОО-на шетел студенттері болған тиімді екенін айтты. Себебі олар америкалықтардан артық ақша төлейді. АҚШ сауда министрлігінің 2018 жылғы дерегі бойынша, елге шетел студенттерінен түсетін табыс 45 млрд долларды құраған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар