АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында көліктің жаяу жүргіншілерді қағып кетуі салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады.
Жалпы алғанда, агенттіктің атап өтуінше, кем дегенде тоғыз адам зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін NBC телекомпаниясы зардап шеккен сегіз адам туралы хабарлаған еді.
Полиция көліктің жүргізушісін ұстады. Ол көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізді деген күдікке ілінген 71 жастағы ер адам болып шықты.
Оқиға орын алған ауданда жергілікті университеттердің бірі орналасқан.