07 мау, 2022 сағат 09:05

АҚШ Роман Абрамовичтің ұшақтарын тәркілеуге ордер берді


АҚШ ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің құны 400 миллион доллардан асатын екі ұшағын тәркілеуге ордер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Сайтта АҚШ соты Абрамовичке тиесілі Boeing 787-8 және Gulfstream G650ER ұшағын тәркілеуге ордер шығарғаны, сот шешіміне сәйкес, ұшақтар Экспорттық бақылау реформасы туралы заңның (ECRA) бұзылуы салдарынан және Ресейге қарсы жақында салынған санкциялар негізінде тәркіленуі керек екені жазылған.

Boeing 787-8 / © АҚШ Әділет министрлігі

Ведомство мәліметінше, ақпанда Абрамович өз балаларын Boeing 787-8 және Gulfstream G650ER ұшағына иелік ететін бірқатар ұйымның бенефициарлары ретінде тіркеген.

Gulfstream G650ER/ © АҚШ Әділет министрлігі

Алайда, шын мәнінде ол ұшақтарды өзі қолданған. Осыған байланысты прокуратура ұшақтарды тәркілеуді көздеп санкция берген. ФБР мәліметінше, бүгінде Boeing Дубайда, ал Gulfstream Мәскеуде.

Айта кетейік, Абрамовичтің өзіне АҚШ-та ешқандай санкция салынбаған.