09 мам, 2020 сағат 09:13

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

АҚШ елшісі Уильям Мозер мен Бас консул Ерик Майер қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерді құттықтау – біз үшін үлкен құрмет. Сіздердің Жеңіске қосқан үлестеріңізді ұмытпаймыз», - дейді Уильям Мозер Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook парақшасында.

Өз кезегінде Ерик Майер қазақстандықтарға мығым денсаулық пен елде бейбітшіліктің сақталуын тіледі.