Сайлау күні жақындаған сайын, америкалық БАҚ сауалнамаларға назар аударып, науқанның Ақ үйге таласқа қалай әсер ететінін көрсетіп жатыр. Мысалы BBC сауалнамада кімнің десі басым екенін жазған.
Ұлттық сауалнамаларда кім көш бастап тұр?
Демократиялық партияның кандидаты Камала Харрис ұлттық сауалнамаларда Трамптан алда келеді. Сауалнамаларға қарағанда, президент Байден өз шешімін қабылдағанға дейін бірнеше ай бойы бұрынғы президент Трамптан артта қалып отырды.
Шешуші штаттарда кім жеңіске жетуде?
Қазір жеті шешуші штатта екі кандидаттың нәтижелері өте жақын, сондықтан нағыз көшбасшыны анықтау қиын.
Әзірге Харрис Невада, Пенсильвания, Мичиган және Висконсин сияқты төрт шешуші штатта Трамптан алда (соңғы екі штатта тиісінше 2% және 3% артықшылығы бар). Солтүстік Каролина, Джорджия және Аризонада бұрынғы президенттің артықшылығы бір пайыздық пункттен аз.
Сауалнамаларға сенуге бола ма?
Қазіргі кезде сауалнамалар Камала Харрис пен Дональд Трамптың ұлттық деңгейде және шешуші штаттарда бір-бірінен бірнеше пайыздық пункт қашықтықта екенін көрсетіп отыр - мұндай жағдайда жеңімпазды болжау өте қиын. 2016 және 2020 жылдары сауалнамалар Трамптың қолдауын дұрыс бағаламаған болатын.
Сауалнама жүргізетін компаниялар бұл мәселені шешуге тырысып, сайлауға келетін нақты санаттағы тұрғындарды зерттеудің әртүрлі тәсілдерін қолданбақ.