Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында биыл мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2020 жылы Қазақстан заңнамасын орындауға қатысты жоспардан 34 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың 17 лауазымды тұлғасы, сондай-ақ 6 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 11 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.
«Осы орайда мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді комитет басшысы.