26 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ҚХА қолдауымен Абайдың 175 жылдығына арналған «Әлемді аялаған сөз. Қазақстан этностарының өкілдері Абай туралы» атты кітаптың онлайн-режимде тұсаукесерін өткізді.
Оған Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті басшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері, ҚХА аймақтық өкілдері, Абай туралы эссе авторлары мен рецензенттер қатысты.
Комитет төрағасы Болат Мажағұлов өз сөзінде ресми Абай күнінің пайда болуы – қазақ халқының рухани жаңғыруының символына айналған ұлы бабамызға деген құрмет екенін және кітапта біздің ортақ болашағымыз, ортақ мұрамызды сақтау перспективалары мен қажеттілігі туралы жазылғанын атап өтті.
Институт директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова іс-шара қатысушыларын Абай мұрасы туралы түрлі этнос өкілдерінің ой-пікірлерінің үш ғасырлық жинағын құру идеясымен, XIX-XX ғасырларда басталған және жаңа буындар рухани бағдар ретінде көретін ұлы ойшыл-гуманист туралы ретроспективаны біріктіру ниетімен таныстырды.
Іс-шара барысында Абайдың тұлғасы, оның қосқан үлесі мен мұрасы туралы Ш.А. Пулатов, С.С. Қорабай, эссе авторлары Д.Х. Нұралиева, К.И. Мирзоев және Б.В. Шевченко сөз сөйледі.
Іс-шараның модераторы Институт директоры Т.Б. Қалиев бізді адамзат ретінде біріктіретін бейбітшілік, гуманизм, білім мен еңбектің мәңгілік құндылықтары жайында тоқталып өтті.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетті.
Кітап төрт үлкен бөліктен тұрады. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның кіріспе сөздерінен басталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 30 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы" Жарлыққа қол қойды.
21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Абайдың 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен мереке өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мереке күндерінің күнтізбесіне енгізілді.