Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдау бөлмесі әр айдың соңғы сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында тиісті вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшылары көпшіліктің сұрақтарына жауап береді.
«30 қазанда біз баршаңызды жұмысымызға қатысты мәселелер бойынша өз пікір-ұсыныс, тілектеріңізді білдіруге шақырамыз. Біз әрқашан ашық және сындарлы диалогқа дайынбыз» деп мәлім етті министрліктен.
Министрліктің ресми сайтында немесе мына телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады: 8 (7172) 74-04-98.