12 там, 2020 сағат 13:43

Ақмола облысында Нұрлан Бекенов 89 пайыз дауыс жинады – Сенат сайлауы

Ақмола облысында Сенат депутатының сайлауы өтіп, онда ең көп дауысты (89,5 пайыз) Нұрлан Бекенов жинады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, сайлауға барлығы 240 депутат қатысып, қалаған үміткеріне дауыс берді. 

«Облысымыз бойынша Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Нұрлан Бекеновті жақтап 213 депутат дауыс (89,5 пайыз) берді. Ал, өзге екі кандидат Айнагүл Балташева мен Нұрлан Жаров 13 (5,46 пайыз) және 12 (5,04 пайыз) дауыс жинады. Сондай-ақ, екі бюллетень жарамсыз деп танылды», - деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.