06 мам, 2020 сағат 13:15

Әкімдіктер әлеуметтік тұрғын үй мен инфрақұрылым салуда 730 жобаны іске асырады

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 14 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әкімдіктер мемлекеттік инвестициялар есебінен 269 млрд теңгеге әлеуметтік тұрғын үй және тұрғын үй құрылысы аудандарына инфрақұрылым салу бойынша 730 жобаны іске асырады», - делінген министрлік хабарламасында. 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жер учаскесі және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы, аяқталмаған объектілері бар әкімдіктер мен жеке құрылыс салушылар кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыруда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануда. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, салынып жатқан объектілерді тапсыру мерзімінің бұзылуына жол бермеу мақсатында, әкімдіктерге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін қайта қарау және карантиндік шараларды алып тастағаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылыс қарқынын күшейту қажеттігі туралы ұсынымдар жолданды.