14 мау, 2017 сағат 13:44

Ахметжан Есімов Алмасбек Атамбаевқа жауап берді

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы Қырғызстан президентінің жуырда жасаған мәлімдемесіне қатысты «Время» газетінің тілшісіне өз пікірін білдірді.

Еске сала кетейік, Алмасбек Атамбаев журналистерге берген сұхбатында? «Егер де осынша ақша жұмсасам, мені тірідей өртеп жіберуі мүмкін. Ал Қазақстанда халық билікті қолдайды. Шынымды айтсам, қызғанып тұрмын!» деген болатын.

Бұл мәлімдемеге қатысты А.Есімов: «Қырғыздар өз президентіне не істейтінін білмеймін. Бірақ Елбасының кез-келген бастамасын халық қолдайды. Оған мен айналысып жатқан жоба да кіреді. EXPO нысандарының құрылысына 3 млрд доллар емес (Бұл соманы А.Атамбаевтың айтқан болатын), 1,3 млрд доллар жұмсалды. Өздеріңіз көргендей, бұл нысандар өте сапалы салынған. Отандастарымыз әлі ұзақ уақыт пайдаланады. Қаланың көрікті жеріне айналады. Оның үстіне кеткен шығынды қайтаруға болады. Қазірдің өзінде демеуші, билет сатылымы, нысандардың жалға берілуі, жарнама, көлік тұрағынан түскен ақша 70 миллиард теңгені (220 млн доллар) құрайды. Сол себепті Атамбаев мырзаның біздің көрмеге қатысты дерегі нақты емес», - деді.