09 шіл, 2024 сағат 11:34

Ақ үй Байденнің денсаулығына қатысты алаңдаушылықты жоққа шығарды


Фото: Patrick Semansky / AP Phot

Ақ үй Байденнің денсаулығына қатысты алаңдаушылықты жоққа шығарды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің денсаулығына қатысты алаңдаушылықты сейілтәп, журналистерге президент Паркинсон ауруымен ауырмайтынын, мұндай дерт қозғалыс пен сөйлеудің бұзылуын тудыруы мүмкін екенін және жүйелі тексерулер оның жүйке жүйесінің жұмысында ешқандай бұзылулар таппағанын айтты.

"Президент Паркинсон ауруынан емделді ме? Жоқ. Ол Паркинсон ауруымен емделеді ме? Жоқ, емделмейді. Ол Паркинсон ауруына қарсы дәрі қабылдай ма? Жоқ", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер дүйсенбідегі брифингте.

Журналистердің көпшілігі невропатолог және Паркинсон ауруы бойынша маман Кевин Каннардтың Ақ үйге баруына қызығушылық танытты.

Американдық БАҚ Вашингтон маңындағы Уолтер Рид Ұлттық әскери медициналық орталығында жұмыс істейтін Каннард өткен тамыздан 2024 жылдың наурызына дейін Ақ үйге сегіз рет барғанын хабарлайды.

Бұл сапарлар жалпыға қолжетімді сапарлар журналында тіркелді. Кездесулердің бірінде Президенттің емдеуші дәрігері Кевин О ' Коннор келуші ретінде көрсетілген.