07 сәу, 2021 сағат 09:58

Аида Балаева «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығымен құттықтады

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Жас Алаш» газеті редакциясының ұжымымен кездесіп, басылымның 100 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Министр ақпарат саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қайрат Матрековты, Алмас Нүсіпті, Сейсен Ұлықбек пен Нұрымжан Мауытовты «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады және «Жас Алаш» газетінің басқа да қызметкерлеріне құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады.

А.Балаева газеттің 100 жылдығының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл мерейлі датаны атап өтуге ерекше мән қосатындығын жеткізді.

«Жас Алаш» - қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, халық сұранысына ие шыншыл басылымдардың бірі», — деді министр.

Іс-шара соңында Аида Балаева басылымның барлық қызметкерлеріне кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.