20 там, 2021 сағат 19:13

Аида Балаева Еуропа Одағының Орта Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті


Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Еуропа Одағының Орта Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

А. Балаева Т.Хакаланы Еуропа Одағының Орта Азия бойынша арнайы өкілі лауазымына жақында тағайындалуымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі. Министр Тери Хакала ханымды министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. 

Т. Хакала өз кезегінде министрліктің маңызды рөлін атап өтіп, қоғамдық маңызы бар жобаларды, соның ішінде алдағы «Орта Азия – ЕО» Азаматтық форумын іске асыру үшін ЕО институттары мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы диалогты қолдауға мүдделілігін білдірді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа бейіл білдірді.