02 шіл, 2021 сағат 15:33

Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті


Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрлікке сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында А.Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісін Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. 

Өз кезегінде Микаэла Фриберг-Стори Министрліктің жұмысына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агенттігінің атынан бірлескен жұмысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті өзара іс-қимылға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыруға өзара ықыласын мақұлдады.