29 мам, 2020 сағат 15:27

Аида Балаева БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның кезекті қоғамдық қабылдауы болып өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қоғамдық қабылдауға еліміздегі бірнеше мемлекеттік емес БАҚ жетекшілері қатысып, ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Мәселен, «Домбыра», «Туризм КЗ» және Turkway телеарналарының басшылары тақырыптық, жекеменшік арналарды да дамыту және оларға мемлекеттік қолдау қажеттілігін сөз етсе, жекеменшік басылым жетекшісі Мейрамкүл Рахымбаева қазақ тіліндегі баспасөзді дамыту және тарату мәселесі бойынша өз ойларын жеткізді. 

Министр, өз кезегінде бұл мәселелерді жақсы білетіндігін және министрлік тарапынан жоспарлы түрде іс-шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. 

«Жекеменшік, шағын, бұқаралық ақпарат құралдарының да қоғамдағы рөлі ерекше. Сондықтан біз барынша қолдау көрсетуге әзірміз. Мемлекеттік тапсырыс бойынша телеөнімдер жасауға келер жылдың жоспарына өз ұсыныстарын олар да білдіруге болады»-деді министр.