#
#
Cәрсенбі 25/11/2020

Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға енгізілетін өзгерістер туралы айтты

  • 23.10.2020
  • 0
  • 120

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерін ОКҚ алаңында түсіндірген министр бұл заңның 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтып өтті. 

Сондай-ақ, министр заң арқылы азаматтардың «Ашық Үкімет» порталы базасында ақпаратты еркін алуға және таратуға конституциялық құқығы іске асырылып жатқанын еске салды. Портал аясында 4 платформа жұмыс істейді. Олар: ашық деректер, Ашық бюджеттер, Ашық НҚА және ашық диалог. Бұл платформаларда 3,5 мыңнан астам ашық мемлекеттік мәліметтер жинақталып, 74 мың бюджеттік бағдарлама жобалары жарияланған. Сондай-ақ, онда 64 мың нормативті-құқықтық актілердің жобалары бар. Аида Балаева бір ғана «Ашық диалог» платформасында бірінші басшылардың блогтарына 367 мыңнан астам өтініш берілгенін айтты.

«Дегенмен қоғам тарапынан порталға жүктелген мәліметтерге қатысты орынды сын-пікірлер де айтылып жүр. Атап айтқанда, кейбір ақпараттар – оқуға ыңғайсыз, ұғынықсыз формада ұсынылады, сұрақтарға дер кезінде жауап берілмейді»,- деді министр.

Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Министрдің айтуынша, түзетулер екі негізгі міндетті шешуді көздейді: бақылау мен жауапкершілікті күшейту. Ол үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәліметтерге қол жеткізу саласында уәкілетті органның функциялары берілетін болады. Мемлекет басшысына осылайша ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайын есеп тапсырылып отырады.

Бұдан басқа, ақпарат иеленушілерге кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерін, мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдарды жатқызу ұсынылады. Әзірленген түзетулер қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралатын ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді. Жыл соңына дейін заң жобасы Президенттің қол қоюына кіргізілуі тиіс.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар