Той қуанышын бөлісуге Қазақстанның эстрада жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Майра Ілиясова, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева келді. Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов та жүр.
Қонаққа келген әншілерден ән шашу болды. Ағасы Мирас Жүгінісов те кішігірім концерт ұйымдастырып, хит болған әндерін орындады.
Мұхамедәлі де қалыс қалмай, Ed Sheeran-нің Perfect әнін орындап, қалыңдығымен вальс билейді.
Сурет: instagram.com/meruertzharaspaeva
Видеоларға қарағанда күйеу жолдас пен қыз жолдас жоқ екенін көруге болады.
Сурет: instagram.com/zangar_ablay
Сондай-ақ, тойда ерекше салт жасалған: той кезінде Медина қонақтардың алдында бауырсақ пісірген.
"Жан-жақтан келген нәрселерден арылып, өзіміздің дәстүрді жалғастырайық деген ниетпен жас келін отқа май құйып, майдың иісін шығарып, үлкен аналарына нан пісіріп берсін деген ниетпен осы үрдісті енгізіп жатырмыз", - деді Айнұр Жүгінісова.
Сурет: instagram.com/meruertzharaspaeva
Былтыр қыркүйекте Мұхамедәлі Жүгінісов отау құрғаны белгілі болған еді. Оның қалыңдығымен түскен суреті Желіде тараған. Кейін Мирас Жүгінісов те сұхбатында інісі үйленгенін айтқан еді.