11 қар, 2024 сағат 14:41

Адам тәрізді робот салған сурет 1 млн. долларға сатылды

Фото: theguardian.com
Адам тәрізді робот ағылшын математигі Алан Тьюрингтің портретін салған. Бұл роботтың алғашқы туындысы. Портрет 7 қараша күні Нью-Йорк қаласында аукционға қойылып, 1,08 миллион долларға бағаланған. Бұл туралы ult.kz “The Guardian” баспасына сілтеме жасап хабарлады.

Баспаның хабарлауынша, биіктігі 2,2 метр болған Алан Тьюрингтің “God AI” портретін әлемнің алғашқы ультра-реалистик суретші роботы Ai-Da салған. Sotheby's аукцион үйі тарапынан айтылған болжамдарды басып озып, суретті сатып алуға 27 ұсыныс түскен. 

Фото: theguardian.com

«Адам тәрізді роботтың алғашқы өнер туындысы рекордтық бағада сатылуы бүгінгі күннің маңызды оқиғасы болып, жасанды интеллект технологиялары мен өнер базарының арасындағы байланыстың өсіп жатқанын дәлелдейді», - деді аукцион үйі өз баяндамасында. 


Жасанды интеллект көмегімен сөйлей алатын AI-Da, қызметін жағары технологиялар туралы ойларға түрткі болу-дейді. Алан Тьюрингтің портреті көрермендерді жасанды интеллект технологиялары мен есептеу тізімінің табиғатындағы дамудың моральдық және қоғамдық салдары туралы ойлануға үндеді. 


Фото: theguardian.com

Әлемнің ең озық роботтарының бірі AI-Da- ның сыртқы келбеті әйел кісі кейпінде құрастырылған. Робот, бірінші әйел компьютер бағдарламашы Ада Лавлейс құрметіне,  Айдан Меллер тарапынан жасалған. 

Меллер Ai-Da ны құрастатын команданы басқарып, Оксфорд пен Бермингем университетіндегі жасанды интеллект мамандарымен серіктес болған. 


Дайындаған: Бекболат Мұхтаров