23 мау, 2020 сағат 08:50

Абылай Мырзахметов монополистердің артық талабына қалай шектеу қойылғанын айтып берді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов монополистердің артық талабына қалай тойтарыс беріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын кері байланыспен кәсіпкерлерден келетін жүйелі мәселелерді реттеп отырмыз. Оның реестрі де бар. Ол реестрде 600-ден астам сұрақ бар. Ай сайын Әлихан Смаиыловтың (Үкімет басшысының орынбасары) басқаруымен ведомствоаралық комиссия жұмыс жүргізеді. Соның есебінен 500-ден астам сұрақтың 80 пайыздан көбінің шешімі табылды», - деді Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында. 

Палата басшысы нақты мысалдарды да келтірді. 

«Мысалы жергілікті жерде – газбен қамтылатын 7-8 облыста кәсіпкерлер «монополистер алдын ала ақша төлеуді сұрап, кәсіпкерлерге қысым көрсететін. Сол мәселе шешіліп аванс төлеу мәселесі алынып тасталды. Одан бөлек темір жол саласында қосымша жолдар жеке меншікке берілген. Өкінішке қарай ол жерде де монополиялық шешімдер қабылданып, ондағы тарифтер қатты өсіп кеткен. Әсіресе Ақмола мен Қостанай облысынада осы үрдіс байқалды. Бұл мәселе де реттеліп, нақты әдістеме қабылданды. Айта берсек осындай ауқымды жұмыс көп», - деді ол.