«Әбу-Даби Плаза» жұмыстан шығарылған 62 жұмысшыға өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының арнайы өкілі ретінде «Әбу-Даби Плаза» компаниясының менеджментімен кездестім. Аталған компаниядағы отандық жұмысшыларды қорғаудың өзекті мәселелерін талқыладық. Мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау біздің ұйым жұмысының басты элементі болып саналатындығын атап өттім», - деп жазады ол.
Осы ретте ол кездесу қорытындысына егжей-тегжейлі тоқталмастан бұрын «Әду-Даби Плаза» компаниясының еңбек қатынастары саласындағы саясатына жалпы сарамамен бөлісіп өткен. Оның айтуынша, «Әду-Даби Плаза» шетелдік компания ретінде біздің елімізде жұмыс күшін тарту және жалдау үшін жергілікті фирмалардың қызметіне жүгінеді. Олардың жұмысшыларды жалдаумен айналысатын қосалқы мердігерлердің қатарында 40-тан астам отандық ұйым бар. Қосалқы мердігерлер еңбек реустарын іздеу, жалдау және оқытумен айналысады.
«Біздің клирингтік фирмалар «жұмыстың белгілі бір түріне арналған» үлгілік келісімшартты қолданады. Аталған термин ресми түрде Қазақстанның Еңбек кодексіне сай келеді. Дегенмен, аталған тұжырым жұмыс берушіге әлеуметтік өтемақысыз еңбек қарым-қатынасын біржақты тәртіппен бұзуға құқық береді. Осылайша, «Әбу-даби Плазаны» қосалқы мердігер ұйымдарының 62 жұмысшысы жұмыстан шығарылған. Ресми түрде еңбек заңнамасы бұзылмаған. Ал әділдік тұрғысынан алып қарағанда сұрақ өте көп. Біздің азаматтарымыз қыста, қатты суық күндерде күнелтуге қажетті қаражатсыз қалып отыр. Айта кетерлігі, Астана қаласы әкімдігінің, өзге де құзіретті органдардың келіссөздері нәтижесінде компания менеджменті 62 жұмысшыға келісімшарттың бұзылуына байланысты бір айлық өтемақы, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлеуге келісті. Парасатты мүдде жеңіске жетті және тараптар бейбіт тарқады. Бірақ, біздегі ақпаратқа сәйкес, еңбек келісімшарттары бұзылуының келесі толқыны кезекте тұр. Біз мұнан ары да еңбек құқықтарының шектелу фактілеріне дер уақытында үн қатып, Қазақстан заңнамасы аясында азаматтарымыздың, жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын боламыз. Бұл біздің азаматтық ұстанымыз», - деді Ерлан Саиров.