Financial Times мәліметінше, ресейлік бизнесмен Роман Абрамович пен оның серіктестеріне тиесілі Truphone байланыс операторы 1 фунт стерлингке (543 теңге) сатылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, Truphone операторын сату туралы шешім Ұлыбритания билігінің Абрамовичке қарсы санкцияларына байланысты қабылданды. Ресейлік олигарх компания акцияларының 23 пайызын иеленеді.